Қоштау, мақұлдау, қостау, құптау, қуаттау

lat: Qoshtaý, maquldaý, qostaý, quptaý, qýattaý

Біреудің істеген ісіне қолдау жасау, мақұлдау, растау.

Меніңше, негізінен дұрыс шешім қабылдағансыз, генерал да қоштар деп ойлаймын (Б. Момышұлы).

Жүздерінен күлкі мен нұр тамған жас жұбайлар мақұлдасып бас изесті (Ж. Еділбаев).

Қысылмаңыз, Сәке, қосарымыз өз көңіліңіздегідей, - деп Шәмшігүл әрі күйеуін қостап, әрі істі анықтап қойды (С. Шаймерденов).

Басқа жігіттер де бұл шешімді құптап, қуаттаған сыңайда үнсіз отыр (Т. Қаупынбаев).

Менің ойымды жаңа облыстан келген жігіт те қуаттады (С. Омаров).